Accessibility links

Израиль қоныстануды жартылай тоқтатқанын айтуда


Бүгін Израиль Батыс жағалаудағы қоныстану шараларын 10 айға шектегенін хабарлап отыр. Премьер-министр Биньямин Нетаняху мұны бейбіт процеске бастаған үлкен қадам деп атады.

АҚШ-тың Таяу Шығыс бойынша өкілі Джордж Митчель бұл қадамды оң қабылдады.

Бірақ олардың қатарына Батыс жағалаудағы 1967 жылғы соғыстан кейін Иерусалим қаласының құрамына қосылып кеткен аймақтар мен құрылысы басталып кеткен, қоғамдық мекемелер кірмейді, тек тұрғын үй құрылыстары уақытша тоқтатылады.

Палестиналықтар бұл аймақтағы Израилдің құрылыстарын толығымен тоқтатуды талап етіп келеді.

Палестина президенті Махмуд Аббастың өкілі Израилмен келіссөздерге оралу үшін құрылыстар толығымен тоқтауы керек, әсіресе Иерусалимдегісі деген.
XS
SM
MD
LG