Accessibility links

Қытай ғаламдық жылынуға қатысты саммитке қатысады


Қытайдан хабарланғандай, елдің үкімет басшысы Уен Жиабао алдағы айда Копенгагенде өтетін ғаламдық жылынуға қарсы күрес саммитіне қатысады.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің өкілі Жиабаоның сапары туралы толығырақ мәлімет бермеді. Желтоқсанның 7-і мен 18-і аралығында Копенгагенде БҰҰ-ның қолдауымен 65 елдің жетекшісі жиын өткізеді.

Онда Киото хаттамасының орнын басатын ғаламдық жылынуға қарсы күресетін жаңа келісімнің құрылымы жасалмақшы. Ақ үйден хабарланғандай, АҚШ президенті Барак Обама бұл саммитке желтоқсанның 9-да барады.

Қытай мен Құрама Штаттар ғаламдық жылынуға салдарын тигізіп жатқан әлемдегі газ эмиссиясын көп шығаратын елдер болып табылады. Бұл екі елдің Копенгаген жиынына қатысуы маңызды болып саналады.
XS
SM
MD
LG