Accessibility links

Қазақстанның ҰҚК Жәкішевтің видео сұхбатына қатысты тергеу жүргізеді


Қазақстанның Бас прокуратурасы ҰҚК-не тергеудегі Қазатомпром компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің видео сұхбатының интернетке шығу фактісін анықтауды тапсырды.

Бұл туралы бейсенбі күні Астанада Бас прокуратураның өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков журналистерге арналған брифингте айтты. Тексерудің қортындысы бойынша қажетті шаралар қабылданады деді ол.

Бірақ Сүйіндіков Мұхтар Жәкішевтің ісін тергеу қашан аяқталады деген сұраққа жауап бере алмады. Оның айтуынша, Жәкішев денсаулығына байланысты тергеу ісін бірнешге мәрте тоқтатқан соң оның істері бойынша материалдар бас прокуратураға қашан түсетіні белгісіз болып отыр. Сондықтан мен оның қашан аяқталатынын бүгін сіздерге айта алмаймын деді прокуратура өкілі.

«Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы президенті Мұхтар Жәкішев «мемлекет мүлкін талан-таражға салды» деген күдікпен биылғы 21 мамырда тұтқындалып, ҰҚК-нің Астанадағы тергеу абақтысына қамалған.
XS
SM
MD
LG