Бейсенбі күні БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі агенттігінің басшысы Иран ядролық қару жасап жатыр деген мәселені тергеу ісімен ынтымақтастықта болмады деді.
МАГАТЭ басшысы ретіндегі қызметінен кетіп бара жатқан Мохаммед ел-Барадей Иранның МАГАТЭ ұсынған жоспарға жауап бермегені үшін көңілі қалғанын айтты.
Ол ұсыныста Теһран ядролық қару иеленбекші деген Батыс елдерінің алаңдаушылығын сейілту үшін Иран өзінің төменгі деңгейде байытылған уранын басқа елде ядролық отынға айналдыруы керек делінген. Ел-Барадей бұл туралы МАГАТЭ-нің Венада басталған екікүндік жиыны кезінде айтты.
Бұл кездесуде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето қою құқы бар тұрақты 5 мүше елі Британия, Қытай, Франция, Ресей және Құрама Штаттар сондай-ақ Германия қарар жобасын ұсынады. МАГАТЭ-нің 35 мүшесі бар басқармасы төрт жылда бірінші рет Иранды айыптаған қарар бойынша дауыс бермекші.