Accessibility links

Қытайда шахтадағы апаттан 9 адам қаза тапты


Қытайдың оңтүстігіндегі шахтада орын алған апаттан кемінде 9 адам қаза тауып, біреуі табылмаған.

Гуйчжоу провинциясындағы шахтада газ шыққанда, жердің астында 172 кенші жұмыс істеп жатқан. Олардың 162-сі аман-есен жоғарыға көтерілген.

Осыдан бір аптадай бұрын ғана Қытайдың Хэйлунцзян аймағындағы шахтада қайғылы оқиға болып, ондағы апаттан 107 шахтер қаза болған.

Қытайдың көмір өндіру өнеркәсібінде жыл сайын бірнеше апатты жағдайлар болып, қауіпсіздік жағдайлары қамтылмағаннан мыңдаған кенші құрбан болғаны айтылып жатады.
XS
SM
MD
LG