Accessibility links

Ауғанстан президенті талибандарды тағы да бітімге шақырды


Ауғанстан президенті Хамид Карзай құрбан айт мейрамына байланысты халықтың алдына шығып сөйлеген сөзінде, елдегі шабуылдарын тоқтатпай отырған талибандарды бітімге шақырды.

Карзайдың айтуынша, талибандардың одақтастары қаруларын тастап, елдің өркендеуіне үлес қосуы керек.

Осыдан екі күн бұрын талибандар жетекшісі Мулла Омар Ауғанстанда шетелдік күштер тұрғанда, билікпен келіссөздер жүргізу мүмкін емес деген.
XS
SM
MD
LG