Accessibility links

Германиялық әскери басшылар әуе соққысынан кейін қызметінен кетті


Ауғанстанда ондаған бейбіт тұрғынның өліміне әкелген әуешабуылдарынан кейін Германияның екі бірдей армия офицері қызметінен алынды.

Волфанг Шнайдерханның орнынан алынғаны туралы Германия қорғаныс министрі Карл Теодор де Гуттенберг Бундестагта мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, генерал Волфанг Шнайдерхан бұл оқиға туралы нақты мәлімет бере алмаған.

Сондай-ақ, Қорғаныс министрлігінің тағы бір ресми өкілі қызметінен кетті.

Қыркүйектің 4-де герман қолбасшысы Ауғанстанның Құндыз провинциясының солтүстігінде талибандар қолына түскен екі жүк көлігіне қарсы әуешабуылдарын беруді сұрап, НАТО-ға қайрылған.

Ауған ресмилері ол әуешабуылдарынан 100-ден аса адам қаза тапса, оның кемінде 30-ы бейбіт тұрғын болған деді.
XS
SM
MD
LG