Accessibility links

Путин Францияда көлік және энергетикалық келіссөздер жүргізді


Ресей премьер-министрі Владимир Путин Париждегі сапары кезінде Ресейдің ірі деген энергетикалық жобаларына франциялық компаниялардың қатысуын ұсынып, қарызға батқан Автоваз көлік компаниясына қолдау алуға тырысты.

Францияға екі күндік сапары кезінде Путин жабылу алдында тұрған ресейлік көлік шығаратын Автоваз компаниясының тағдырын франциялық ресмилермен талқылады.

Автоваздың 25 пайыз акциясын Францияның Рено көлік компаниясы иеленген.

Келіссөздердің күн тәртібінде сондай-ақ Ресейдің франциялық тікұшақтарды сатып алу мүмкіндігі бар.
XS
SM
MD
LG