Accessibility links

Тәжікстанда терроризм бойынша күдікті 2 адам сотқа тартылды


Тәжікстанның солтүстігіндегі Соғд провинциясында терроризм айыбы бойынша екі күдіктінің соты басталды.

Бұл аймақтың судьясы Фарход Зиодуллаев сотқа тартылғандарға кісі өлімі, терроризм, мемлекетке қарсы астыртын жоспарлар құрды деген сияқты түрлі қылмыстар бойынша айыптар тағылды деген Азаттықтың тәжік қызметіне берген сұхбатында.

Тәжікстан Ішкі істер министрлігінің жергілікті департамент басшысы Рауф Юсупов қамаудағы Нематуллоев осы жылдың басында Мәскеуде қамауға алынып, Тәжікстанға тапсырылды деді.

Ал екінші күдікті Нурмухаммади осы жазда Исфарадағы өз үйінен ұсталған. Оның адвокаты Жамшед Сабуров Нурмухаммади Өзбекстанның ислам қозғалысына оның мақсат-мүддесін білместен кіріп, кейін қозғалыстың идеологиясын ұққан соң одан шығып кеткен деп отыр.

Исфара аймағында Өзбекстанның ислам қозғалысына мүше деп 30 шақты адамды қамап, соттаған. Тәжікстан бұл қозғалысты 2005 жылдан бері террорлық ұйымдар тізіміне енгізген.
XS
SM
MD
LG