Accessibility links

Кедендік одақ құру жөніндегі келесі кездесу Алматыда өтеді


Бүгін Минскіде Қазақстан, Ресей және Беларусь елдерінің жетекшілері 2010 жылдың 1-ші шілдесінен бастап, Кедендік одақ құруға келісті.
Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко қазақстандық және ресейлік әріптестерімен кездесуден кейін мәлімдеді. Оның айтуына қарағанда, бірыңғай экономикалық кеңістік құру мерзімін анықтайтын келесі кездесу желтоқсанның 18-де Алматыда өтеді.

Бұл құжат бойынша қаңтардың 1-нен бастап, бірыңғай кедендік тариф күшіне енеді. Бірыңғай экономикалық кеңістікке өтудің қалған іс-шаралары жарты жылдың ішінде жүзеге асатын болады.

Бақылаушылардың айтуынша, Кедендік одақ Ресей, Беларусь және Қазақстанның жалпы ішкі өнімін бес жылдың ішінде 15 пайызға өсіреді. Бейсенбі күні Қырғызстан президенті де бұл үш елдің кедендік одағына қосылуға дайын екенін мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG