Accessibility links

Мәскеуде милиционерлерге қарсы наразылық шарасы өтеді


Бүгін Мәскеудің орталығында құқық қорғаушылар мен оппозиция белсенділерінің милиция қызметкерлерінің озбырлық әрекеттеріне қарсы наразылық акциясы өтеді.

Олар Ішкі істер министрлігін жүйені түбегейлі реформалауға шақырмақшы.

Биліктің рұхсатымен өтетін шараны ұйымдастырушылардың айтуынша, Ресейдің милиция қызметкерлерін аттестациядан қайта өткізіп, санын қысқартып, жалақыларын көбейту керек.

Құқық қорғаушы топтар милиционерлердің азаматтық тұлғаларға қарсы заңсыз күш қолдану жағдайларына алаңдаушылық танытады.

Осыған дейін Ресейдің ішкі істер министрі Рашид Нургалиев заңды тыңдайтын ресейліктер күш көрсеткен милиционерлерге қарсылық таныта алады деген.
XS
SM
MD
LG