Accessibility links

Астанада президенттің қатысуымен шетелдік инвесторлардың 22-ші отырысы өтеді


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, 4 желтоқсанда шетелдік инвесторлардың кезекті 22-ші отырысы Астанада Қазақстан президентінің қатысуымен өтеді деп ҚазТаг агенттігі хабарлады.

Министрліктің баспасөз хатшысы Ілияс Омаровтың сенбі күні айтуынша, бұл жиындағы басты тақырып Қазақстанның технологиялық дамуы тұрғысында болады. Осыған қатысты қазақстандық үкімет мүшелері шетелдік инвесторлардың жиынында сөз сөйлейді.

Омаровтың мәлімдеуінше, бұл отырысқа елдің мемлекеттік орган жетекшілері мен ұлттық компания басшылары, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар қатысады.
XS
SM
MD
LG