Accessibility links

Қазақстан құрамасына 4-ші алтын қосқан Светлана Подобедова үш дүркін әлем рекордын жаңартты


Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласында ауыр атлетикадан өтіп жатқан әлем чемпионатында сенбі күні Қазақстан құрамасының мүшесі Светлана Подобедова команда қоржынын төртінші алтын медальмен толықтырды.

23 жастағы Светлана Подобедова бұл жолғы сайыста әлем рекордын үш дүркін жаңартты: жұлқи көтеруден –132 келіні, серпи көтеруден – 160 келіні және жиынтық есепте – 292 келі салмақты басынан асыра ұстап, барлығы екі «шағын» (жекелеген сайыс бәсекесінен) және бір үлкен (жиынтық есеп бойынша) алтын медальдарды ұтып алды.

Қазақстандық атлет өзімен алтынға бәсекелескен Қытай спортшысынан 21 келіге күш асырды. Ал қола жүлдені жиынтығында 267 келі көтерген Арменияның өкілі еншіледі.
XS
SM
MD
LG