Accessibility links

Шанхайда жүк ұшағы апатқа ұшырап, үш адам қаза тапты


Бүгін Қытайдың Шанхай қаласында әуежайда жүк ұшағы апатқа ұшырап, ішінде болған үш адам қаза тапты.

Зимбабведе тіркелген ол әуе кемесі Бішкекке қарай ұшпақшы болғанда, жолдан тайып кетіп, өртене бастаған. Қытайдағы АҚШ елшілігі құрбан болғандардың үшеуі де американдықтар екенін айтып отыр.

Қытайдың Циньхуа агенттігі ұшақта болғандардың жетеуі Құрама Штаттардан, біреуі Индонезиядан, басқаларының қай елдің азаматтары екені белгілі емес деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG