Accessibility links

Пәкістан президенті ядролық билікті үкімет басшысына берді


Пәкістан президенті Асиф Али Зардари елдің ядролық қаруына бақылауды премьер-министрге тапсырды.

Президент кеңсесінен хабарланғандай, Зардари жұма күні ядролық арсеналға бақылайтын Ұлттық қолбасшылық билігіне бақылауды үкімет басшысы Юсуф Раза Гиланидің құзырына берді.

Бұл қадам осы түнде Зардаридің өзі мен оның одақтастарын жемқорлық және қылмыстық айыптардан қорғайтын рахымшылық шарасының мерзімі аяқталар тұста болып отыр.

Сарапшылар жақында саяси қысымның астында болған Зардари билікте қалу үшін кейбір құзырларды бөліп беруге ниет танытқанын көрсетіп отыр деді.
XS
SM
MD
LG