Accessibility links

Бангладеште паром апатынан құрбан болғандар 40-қа жетті


Бангладештің оңтүстігінде суға кеткен паромда қаза болғандар саны 40-қа жетті. Әлі 80 адам табылмай жатыр.

Апат жұма күні кешкісін Дакадан 100 шақырымдай жердегі портта адамдарды түсіруге келе жатқанда орын алған.

Шамадан тыс адам тиеп алған үш бөлікті паромның түбі ауыр салмақтан тасқа тіреліп қалғанда, зақымданып, суға толған. Өзенге арналған паром мыңнан аса адамды алып келе жатқан.
XS
SM
MD
LG