Accessibility links

Саудияда су тасқынынан құрбан болғандар 100-ден асты


Саудияның Джидда портты қаласындағы су тасқынынан құрбан болғандар саны жүзден асып кетті.

Биліктің хабарына қарағанда, су басқан аймақтан 1400-дей адамды басқа қауіпсіз жаққа көшірген.

Су тасқыны қатты жауған нөсерден болып, көпірді құлатып кеткенде, көптеген адам қаза тапты.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Мекке мен Мединаға қажылыққа барған мұсылмандар арасында құрбан болғандар жоқ.
XS
SM
MD
LG