Accessibility links

Иран шеттегі жауынгерлік топтарға 20 млд доллар бөлді


Иранның мемлекеттік радиосынан хабарланғандай, ел парламенті шеттегі жауынгерлік топтарға қолдау ретінде 20 млн доллар беретін заңды мақұлдады.

Ассошиэйтед пресс агентігі Иранның бұл ақшаны қандай топтарға беретіні анық болмады деді. Бірақ Иран Ливандағы Хезболла мен Газадағы Хамас жауынгерлік топтарына қолдау танытып келеді.

Иран радиосының айтуынша, ол қаражат АҚШ пен Британияның адам құқықтарын бұзу жағдайлары мен Ираға қарсы астыртын әрекеттерді зерттеуге пайдаланылады.

Онда барлау агенттігі мен сыртқы істер министрлігі өкілдерінен құрылған арнайы комитет бұл қаржыны қалай бөлу керектігін шешетін болады.
XS
SM
MD
LG