Accessibility links

Швейцария минаретке тыйым салуға қатысты дауыс берді


Бүгін Швейцария мұсылмандар мешітіндегі дұға оқитын минареттерге тыйым салу керек пе, жоқ па деген мәселе бойынша референдум өткізді.

Алдыңғы дауыс беру қортындыларына қарағанда, бұл мәселені дауыс беруге шығарған оңшылдар партиясын жақтаушылар минаретке тыйым салуды қолдап дауыс берген.

Оңшылдар партиясы минареттер ықпалды күшті білдіріп, Швейцарияны исламшыл ел ету стратегиясын ұстанады дейді. Осыдан кейін минареттерге қарсы науқан жүргізушілердің 100 мың адамның қолы қойылған талабынан кейін бұл мәселе жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылған еді.

Швейцария үкіметі мен ел парламенті бұл діни еркіндікті бұзады деп өз тұрғындарын тыйым салу ұсынысынан бас тартуға шақырған және бұл тыйым Швейцарияның беделіне нұқсан келтіреді деген.
XS
SM
MD
LG