Accessibility links

Швейцариялықтар минарет құрылысына тыйым салуды қолдады


Жексенбі күні швейцариялықтардың басым бөлігі мұсылмандар мешітіндегі дұға оқитын мұнараларға тыйым салуды қолдап дауыс берді.

Швейцариядағы референдум қортындысы халықтың 57 пайыздан астамы елде минарет құрылысына тыйым салу ұсынысын қолдағанын көрсетті.

Бұл мәселені дауыс беруге шығарған оңшылдар партиясы Швейцарияны исламшыл ел ету стратегиясын ұстанады деп, 100 мың адамның қолы қойылған талабынан кейін бұл мәселе жалпыхалықтық дауыс беруге шығарылған еді.

Швейцария бүгінгі таңда 400 мың мұсылманның мекені әрі бұл елде 4 мешіттің минареті бар. Олар референдумның қабылданғанына қарамастан, бұрынғыдай қала беретін болады.
XS
SM
MD
LG