Accessibility links

АҚШ Иранға ескерту жасады


АҚШ Иранның ядролық бағдарламасына байланысты халықаралық алаңдаушылықтарды жоюы үшін уақыт аяқталуда деп мәлімдеді. Ақ үйдің бұл мәлімдемесінің алдында Теһран уран байытатын 10 жаңа зауыт салуды жоспарлап отырғанын жариялады.

Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік құпия түрде мұндай жұмысты жасап жатқандығы үшін Теһранды сынаған болатын. Германия осыған байланысты "үлкен алаңдаушылық" білдірді. Британия сыртқы істер министрі Дэвид Милибэнд Иранды "арандатушылық жасамақшы" деп айыптады.
XS
SM
MD
LG