Accessibility links

Саудабаев ЕҚЫҰ жиынына қатысады


Қазақстанның мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының сыртқы істер министрлері кеңесінің 17 сессиясына қатысады. 1-2 желтоқсанда Афиныда өтетін бұл жиын Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалығына "жол картасы" болмақ делінген сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Қазақстан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етеді деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG