Accessibility links

Берлускони Минскіге барады


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони бүгін Беларусқа барады.

Соңғы он жылда Беларусқа Батыс елдерінің басшылары сапар жасамаған болатын. 1994 жылы авторитарлық президент Александр Лукашенко билікке келген соң Беларустағы адам құқықтары жағдайы мен демократия стандарттарын Еуропа мен АҚШ үкіметтері жиі сынға алды. Осыған байланысты Беларусь пен Батыс елдері арасындағы байланыстар шектеулі болды. Бірақ осы жылдың басында Лукашенко Италияға барып, Батыспен арадағы қарым-қатынастарды жақсартқысы келетінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG