Accessibility links

Чехия: Ирақ Азаттық радиосына шабуыл жасамақшы болды


Чехияның қарсы барлау қызметінің хабарлауынша, Саддам Хусейннің режимі 2000 жылы "Азат Еуропа / Азаттық" радиосына шабуыл жасауды жоспарлаған. Қауіпсіздік ақпарат қызметінің айтуынша, Ирақтың құпия қызметі Азаттық радиосының Прагадағы штаб-пәтеріне зымыран атпақшы болған, бұл шабуылды көшенің арғы бетіндегі бір үйдің терезесінен жүзеге асырмақшы болған. Ирақ тыңшылары шабуылды жүзеге асыру мақсатында қолданылатын қаруларды тасымалдау үшін дипломатиялық көлікті пайдаланған дейді Қауіпсіздік ақпарат қызметі.

Чехия билігі 2000 жылы дипломатиялық наразылық танытып, кейінгі жылдары 6 ирақтық дипломатты елден шығарды. Қауіпсіздік ақпарат қызметінің бұл мәліметті неліктен бүгін жариялағаны белгісіз.

АҚШ қаржыландыратын "Азат Еуропа / Азаттық" радиосы Ираққа 1998 жылы хабар тарата бастаған.
XS
SM
MD
LG