Accessibility links

Жамбыл облысының әкімі ауысты


Жамбыл облысының әкімі болып Қанат Бозымбаев тағайындалды. Мұның алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осы қызметке Қанат Бозымбаевтың кандидатурасын тағайындау туралы ұсыныс жасаған болатын. Осыдан кейін өткен облыс депутаттары мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар Қазақстан президентінің ұсынысын бірауыздан қолдады.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік Басқару академиясының «Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау» факультетін бітірген.

1993-1997 жылдары - мемлекеттік органдарда және жеке компанияларда жұмыс жасады. 1997 жылғы қыркүйек-қараша айларында - ҚР Экономика және сауда министрлігінің аймақтық саясат бөлімінің бастығы. 1997 жылғы қарашадан 1998 жылғы қыркүйекке дейін - «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау Ұлттық компаниясы» ЖАҚ-та жинақтау-қаржы департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президент. 1998 жылғы қыркүйектен - 2001 жылғы ақпанға дейін - ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр. 2001 жылғы ақпаннан 2001 жылғы мамырға дейін - «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» ААҚ бірінші вице-президенті. 2001 жылғы мамырдан 2007 жылғы қазанға дейін - «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылғы тамыздан 2008 жылғы қазанға дейін - «Самұрық» Қазақстандық мемлекеттік активтерді басқару холдингі» АҚ басқарма төрағасы. 2008 жылдың қазан айынан бері - «Қазақстандық электр желілерін басқару компаниясы» АҚ президенті болып қызмет атқарып келді.
XS
SM
MD
LG