Accessibility links

Әлем Обаманың «ауған стретегиясына» байланысты шешімін күтіп отыр


Бүгін әлем АҚШ президенті Барак Обаманың Ауғаныстанға қосымша 30 мың әскери сарбаз жіберетіні туралы шешімін күтіп отыр. Мұндай шешім соңғы уақыттағы «Талибан» қозғалысы содырларының белсенділігінің күрт күшеюіне байланысты, АҚШ-тың жаңа старетегиясында қарастырылған.

Дүйсенбіде британ премьері Гордан Браун Лондонның Ауғаныстанға қосымша 500 әскери жауынгер жіберетінін растады. Австралияның премьер-министрі Кевин Радд АҚШ президенті Барак Обамамен дүйсенбі күні Ақ үйде өткізген келіссөзден кейін, Австралияның Ауғаныстандағы коалицияға байланысты АҚШ-тың сенімді әріптесі болып қала беретінін мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG