Accessibility links

Аштық жариялайтын зиялылардың саны артты


Бүгін қазақтың бір топ зиялылары, егер билiк 2009 жылғы 17 желтоқсанға дейiн, құрылымы да, заңдылығы да күмәндi, екiншi Парламент рөлiндегi, әлемнiң бiрде-бiр елiнде жоқ Қазақстан халқы ассамблеясы арқылы ұсынылып отырған, ұлтты жоятын “ел бiрлiгi” доктринасына тоқтау салмайтын болса, оған қарсылық білдіріп, аштық жариялайтындардың қатарына қосылатындарын мәлімдеді.

Мәлімдемеге Асанәлi ӘШІМОВ, Рымғали НҰРҒАЛИЕВ, Досқан ЖОЛЖАҚСЫНОВ, Мақпал ЖҮНIСОВА, Болат АТАБАЕВ, Қаржаубай САРТҚОЖА, Қазыбек ИСА, Өмiрзақ АҚЖIГIТ, Серiк ТҰРҒЫНБЕКОВ, Ислам ЖЕМЕНЕЙ, Серiк АҚСҰҢҚАРҰЛЫ, Бақытжан ТОБАЯҚОВ, Сахан АКЕЛЕЙ, Советхан ҒАББАСОВ, Мереке ҚҰЛКЕНОВ секілді өнер және мәдениет өкілдері қол қойған.
XS
SM
MD
LG