Accessibility links

Жапониялық Амано МАГАТЭ басшысы қызметіне кіріседі


Бүгін БҰҰ-ның атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігіне жаңа басшы келді.

Ол жапониялық дипломат Юкио Амано 12 жыл бойы МАГАТЭ директоры болып демалысқа бара жатқан, Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері Мохаммад Ел Барадейдің орнын басады.

62 жасар Амано Жапонияның сыртқы істер министрі болып тұрған кезінде көпжақты ядролық қарусыздану және қару таратпау келіссөздері бойынша жұмыс істеп, маманданған.

Ол МАГАТЭ-нің бас директорлығына Батыс елдерінің қолдауымен сайланған.
XS
SM
MD
LG