Accessibility links

ЕҚЫҰ министрлері Афиныда кездесуде


Бүгін Грекия астанасында ЕҚЫҰ-на мүше елдердің сыртқы істер министрлері мен басқа да ресмилері екікүндік кездесуін бастады.

Афиныдағы жиында Ресейдің қауіпсіздік жөніндегі жаңа Еуро-атлантикалық ұсынысы қаралады деп күтілуде.

Кремлдің айтуынша, бұл ұсыныстың мақсаты жаңа қауіпсіздік құрылымын қалыптастыру. Бірақ хабарларға қарағанда, ресейлік ұсыныс ЕҚЫҰ-ның елдері арасында қолдау таппаған.

АҚШ, Британия және Францияның ресмилері НАТО және ЕҚЫҰ-мен қатар әскери және саяси тұрақтылық үшін жаңадан құрылым құрудың қажеттілігіне күмән келтірген.

Афиныдағы кездесуге АҚШ, Британия және Германия сыртқы істер министрлері қатыспайтыны айтылған.

Қазақстаннан бұл жиынға сыртқы істер министрі әрі мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев қатысуда. Қазақстан 2010 жылы ЕҚЫҰ-на төрағалықты алады.
XS
SM
MD
LG