Accessibility links

Косовода кісі өліміне қатысты адам тұтқындалды


Косоводағы Еуропа Одағының полициясы өздерінің кісі өлтіргенін мойындаған адамды қамауға алғандарын айтуда.

Косоводағы ЕуроОдақ полициясы мен әділет миссиясының өкілі Кристоф Ламфолуссидің сөзіне қарағанда, өзін Назим Блласа деп атаған адам ұйымдасқан қылмысқа қатысып, кісі өліміне себепкер деген күдікпен тұтқындалған.

Оның ісі сейсенбі күні Косово сотында қаралады. Соңғы аптада Косово баспасөзінде өзін киллермін деп атаған күдікті Сербиямен ынтымақтасқан этникалық албандарды жазалау шараларын ұйымдастырғанын айтты.

Және өзінің де бірнеше адамды өлтіргенін мойындаған Назим Блласа деген күдікті албандардың бұрынғы көтерілісшіл қолбасшылары тарапынан нұсқау алып отырғанын айтқан.
XS
SM
MD
LG