Accessibility links

Иран британдық яхтадағы туристердің ұсталғанын растады


Бүгін Иран президентінің кеңесшісі желкенді кемемен жүзіп жүрген британиялық бес азаматты Теһран тұтқындағанын растады. Бахрейннен Дубайға яхтамен жүзіп шыққан британдықтар өткен аптада ұсталған.

Президент әкімшілігінің басшысы Есфандияр Рахим Машайенің айтуынша, олардың ісін сот қарап, олардың Иран аймағына өтуінің мақсатын анықтайтын болады.

Британия өзінің яхтамен қыдырып жүрген бес азаматын ирандық теңізшілер ұстағаны таза консулдық мәселе деп айтты.

Британияның сыртқы саясат хатшысы Дэвид Милибанд BBC радиосына берген сұхбатында, өткен аптада қамауға алынған бес британдық Бахрейнде яхтамен жүзіп жүріп, байқамастан Иран суына өтіп кеткен деді.
XS
SM
MD
LG