Accessibility links

Мұхтар Әблязовтың сыбайласынан жауап алынды


Алматыдағы Алмалы аудандық сотында «БТА Банк» АҚ-ның 12 қызметкерінің ісі бойынша Украинадан Отанына қайтып оралған, Мұхтар Әблязовтың сыбайласы Рифат Ризоевтан куәгер ретінде жауап алынғаны туралы мәлімет таратты Қаз ТАГ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы «БТА Банктің» проблемалық кредиттер жөніндегі департаменті директорының орынбасары Ермек Диханбаевтың адвокаты Нұрлан Өстеміров хабарлапты.

Адвокаттың айтуынша Ризоев «қосалқы фирмалардың құрылуына қатысының жоқтығын және Әблязовтың алдағанына еріп, адасушылыққа ұрынғанын» мәлімдеген.

Бұдан бұрын, 19 тамызда Алмалы аудандық сотында «БТА Банк» АҚ мен «Темірбанк» АҚ-ның 12 қызметкерінің және тағы бірқатар жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшыларына қатысты алдын-ала сот тыңдауларының басталғаны хабарланған болатын. Оларға Мұхтар Әблязов пен оның бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов құрған топтың құрамында жүріп, аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылды. Әблязовтың ісі бойынша барлығы 45 адам жауапқа тартылып отыр.

2009 жылдың 7 наурызында 46 жасар бизнесмен Рифат Ризоевқа «БТА Банктен» қаржы жымқырған дерек бойынша қозғалған қылмыстық іске байланысты халықаралық іздеу жарияланған-ды. 26 қыркүйекте Ризоев Қазақстанға қайтып оралды. Тергеу нәтижесі бойынша «кінәсын мойындағаны және тергеуге көмектескені үшін» оған байланысты қылмыстық қудалау тоқтатылды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG