Accessibility links

Мұхтар Жәкішев ҰҚК-нің тергеушілері мен дәрігерлерін жауапқа тартуды талап етуде


«Қазатомпромның» бұрынғы басшысының адвокаты Нұрлан Бейсекеев Мұхтар Жәкішевті қараған дәрігерлерді, Тергеу абақтысының және ҰҚК-нің тергеу тобы басшысын жауапқа тартуды талап етіп Прокуратураға шағымданбақшы, деп хабарлайды КазТАГ агенттігі.

Мұхтар Жәкішев өзін ешқашан есінен танған жоқтығы туралы куәлік берген дәрігер Рамазановты жауапқа тартуды талап етіп отыр. «Себебі бұл жалған куәлік. Жәкішев ҰҚК-нің дәрігерлеріне сенбейтіні туралы мәлімдеме жасап, тәуелсіз тексеруді сұрайды» дейді оның адвокаты.

«Өткен бейсенбіде кешкі уақытта Мұхтар Жәкішев екі рет есінен танып, оған жедел жәрдем шақыртқан. Алайда оны ауруханаға жатқызуға қатысты ешқандай әрекеттер жасалынбады. Оның қан қысымы 230/140 болды. Есінен тану себептерін дәрігерлер анықтай алмады», - деп хабарлады Нұрлан Бейсекеев. Оның сөзіне қарағанда, кейінірек олардың жедел жәрдемнің емес, ҰҚК-нің дәрігерлері екені анықталған.

Ал, бүгін сағат 12.00-де Мұхтар Жәкішевтің әйелі күйеуінің төңірегінде болып жатқан әртүрлі оқиғаларға байланысты БАҚ өкілдеріне арнап мәлімдеме жасамақшы. Бұдан бұрын қамауда отырған «Қазатомпром» ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев youtube сайтында жарияланған видеосұхбатына қатысты тергеуге алынған болатын.
XS
SM
MD
LG