Accessibility links

АҚШ-тың одақтастары Обаманың мәлімдемесін қоштады


НАТО бас хатшысы АҚШ президенті Барак Обаманың мәлімдемесінен кейін НАТО-ға мүше елдер Ауғанстанға кемінде 5 мың әскер жіберетінін айтты.

Франция президенті Николя Саркози де Обаманың көбірек АҚШ күштерін Ауғанстанға жолдау мәлімдемесін оң қабылдайтынын айтып, қаңтар айында Лондонда өтетін Ауғанстан конференциясына дейін өзінің жасақ жіберу міндеттемесін қайта қарайтынын айтты.

Ал Ауғанстанға тағы 500 әскер жіберуге сөз берген Британия премьер-министрі Гордон Браун одақтастарды Обама стратегиясы аясында бірігуге шақырды.

Президент Обама өзінің Ауғанстан бойынша жаңа стратегиясын жариялап, онда бұл елге қосымша 30 мың жасақ жөнелтетінін мәлімдеген.

Ауғанстандағы шетелдік күштердің саны 110 мыңға жетсе, оның 70 мыңы Құрама Штаттардың жасағы. Оған тағы 30 мың әскерді қосу арқылы барлық халықаралық әскерлер саны 140 мыңға жететін болды.
XS
SM
MD
LG