Accessibility links

Украина террорға қатысты іздеуде болған түркиялықты қамауға алды


Бүгін Киевте террорлық операцияларға қатысы бар деп күдіктелген Түркия азаматын полиция мен қауіпсіздік күштері қамауға алды.

Бұл туралы сәрсенбі күні Киев қаласының полициясы журналистерге хабарлап, ұсталған адам тыйым салынған Күрд жұмысшылар партиясының террорлық әрекеттеріне қатысты деген айыппен 1988 жылдан Түркия ресмилерінің іздеуіндегі адам болған. Бірақ оның аты-жөні жарияланбады.

Азаттықтың украин редакциясының хабарлауынша, Украина ресмилері ол азаматты Түркияға экстрадициялау шараларын қолға алған.
XS
SM
MD
LG