Accessibility links

Шығыс Қазақстанда вирустық инфекцияның өршуінен кейбір білім мекемелері жабылды


Жұқпалы вирустық өткір дерттің өршуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының Зырян ауданында 14 мектеп уақытша жабылды, деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі.

Осы айдың басындағы мәліметтерде, Шығыс Қазақстан облысында тыныс органдарына вирустық жолмен жұғатын өткір дертке шалдығып емдеу мекемелерінің жәрдеміне жүгінгендердің саны 12 мыңнан асқаны тіркелген болатын.
XS
SM
MD
LG