Accessibility links

Оңтүстік Қазақстанда ірі жол-көлік апатынан 6 адам қаза болды


Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында жол-көлік апаты салдарынан 6 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған деп хабарлайды Қазақстанның төтенше жағдайлар комитеті.

Оқыс оқиға сәрсенбі күні Шымкент – Жетісай тас жолының 198-ші шақырымында болған. Жолаушылар тасымалдайтын шағын автобус пен жүк көлігі соқтығысып, автобуста болған 10 адамның бесеуі сол жерде тіл тартпай кеткен. Әртүрлі дене жарақатын алған қалған 5-уі ауруханаға жеткізілген соң тағы бір жолаушы сонда көз жұмған.
XS
SM
MD
LG