Accessibility links

Қуанышбек Есекеев: Қазақстанда жаңа жылға дейін 3G желісі тартылады


Қазақстан ақпараттандыру және байланыс агенттігінің (АБА) төрағасы Қуанышбек Есекеев 2010 жылға дейін республикада 3G желісі тартылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазТАГ агенттігі.

«Жиіліктер алдық. Жаңа жылға дейін 3G желісі тартылады», – деген ол бейсенбі күні.

Алайда Есекеев әзірге елде бір де бір компания 3G желісін пайдалануға лицензия алмағанын атап өткен.

3G технологиясы бойынша байланыс желісі мәліметтерді тарату жылдамдығын 2 Мбит/секундке дейін арттырып, тұтынушыға мобильдік телеарнаны, телефон желісімен қатар бейне байланысты, сондай-ақ бейнеконференциялар секілді қызмет түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді.

3G байланыс стандарты Қазақстанда қазіргі кезде қолданыстағы GSM инфрақұрылымымен үйлесімді дейді мамандар.
XS
SM
MD
LG