Accessibility links

ҰҚК Шабдарбаевтың отставкасы туралы қауесетті жоққа шығарды


Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі комитет басшысы Амангелді Шабдарбаев қызметінен кету жөнінде арыз тапсырды деген хабарды жоққа шығарды деп хабарлайды "Жаңалықтар-Қазақстан" агенттігі. Бұл мәлімет елдің бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған болатын.

"Қазір Шабдарбаев Қарағанды облысы ҰҚК департаментінің жедел-тергеу жұмысының нәтижесі бойынша кеңес өткізуде", - деді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұқарамен байланыс бөлімінің басшысы Ислам Бекішев.
XS
SM
MD
LG