Accessibility links

Путин лаңкестік шабуылдарды жасағандарға қатаң шара қолдануға шақырды


Ресей премьер-министрі Владимир Путин өткен аптадағы пойыз жарылысына жауаптыларға қатаң шара қолдануға шақырды. Бүгін ұлттық теледидардан тікелей эфирден халықтың сұрақтарына жауап берген Путин жұма күнгі жарылыс Ресейде лаңкестіктен үлкен қауіп төніп тұрғандығын көрсетті деп мәлімдеді.

"Таяуда болған қайғылы оқиға осы саладағы іс-қимылдарымызды күшейтуіміз керектігін көрсетті. Әрине біз мұндай лаңкестік әрекеттерді жүзеге асырған қылмыскерлерге қарсы өте қатаң шара қолдануымыз керек", - деді Путин.

Путин тікелей эфирден ресейліктердің сауалдарына осымен 8 рет жауап беруде. Ол мұндай шараны жыл сайын өткізіп, оны дәстүрге айналдырған.
XS
SM
MD
LG