Accessibility links

Британия Пәкістанға қаржылай көмектеспек


Британия Пәкістанның Ауғанстанмен шекаралас тынышсыз аймағын тұрақтандыруға көмектесу үшін 83 миллион доллар қаржы бөледі. Бұл туралы премьер-министр Гордон Браун бүгін Лондонда пәкістандық әріптесі Юсуф Реза Гиланимен өткізген келіссөзінен кейін хабарлады.

Браунның айтуынша, бұл қаржы шекаралық аймақтағы зорлық-зомбылық салдарынан өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болғандарға көмектеспек және аймақтағы қайта құру мен білім беру әрекеттеріне жұмсалмақ.

Ал Гилани Әл-Қаида жетекшісі Осама Бин Ладеннің Пәкістанда екендігіне өзінің сенбейтінін атап көрсетті. Өткен аптада Браун Пәкістанды Әл-Қаида басшысын табу үшін көбірек жұмыс атқаруға шақырған болатын.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG