Accessibility links

Назарбаев: Қазақстан дағдарысқа қарсы бағдарламаға $19 млрд. жұмсады


Биылғы жыл басында Қазақстан $19 млрд. немесе жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 14%-ына есептелген дағдарысқа қарсы бағдарламаны қабылдады, деп мәлімдеді бүгін Астанада өтіп жатқан шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол биылғы жылдың күрделі болғандығына қарамастан, елде құны 3 млрд. АҚШ долларынан астам 170 жаңа инфрақұрылымдық нысандар пайдалануға беріліп, оларда 9 мың тұрақты жұмыс орындары құрылды, деп атап көрсетті.

Президенттің айтуынша, биылғы жылы үшінші тоқсанда ЖІӨ екінші тоқсанмен салыстырғанда 1,5 %-ға өсіп, қараша айының соңында алтын-валюта қоры Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда, $52 млрд. жеткен.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылғы қазан айының соңындағы жағдай бойынша, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жиынтық көлемі $44,52 млрд. құраған.
XS
SM
MD
LG