Accessibility links

Гилани: Осама бин Ладен Пәкістанда емес


Пәкістан премьер-министрі Юсуф Раза Гилани Әл-Қаида жетекшісі Осама Бин Ладеннің Пәкістанда екендігіне өзінің сенбейтінін атап көрсетті. Бұл туралы ол бейсенбі күні Лондонда Британия премьер-министрі Гордон Браунмен кездесуінен кейін мәлімдеді. Өткен айда Браун Пәкістанды Әл-Қаида басшысын табу үшін көбірек жұмыс атқаруға шақырған болатын.

Сонымен қатар Гилани президент Барак Обаманың Ауғанстанға қосымша 30 мың сарбаз жіберу жөніндегі шешімін жариялы түрде қолдаудан бас тартты. Алдымен Пәкістан үкіметі бұл туралы және АҚШ-тың Пәкістанға көмемектесуі жөніндегі жоспарына қатысты толығырақ мәлімет алуы тиіс деп атап көрсетті Гилани.
XS
SM
MD
LG