Accessibility links

Шыңжаңдағы толқуларға байланысты тағы 3 адам өлім жазасына кесілді


Қытай соты Шыңжаңдағы этникалық толқуларға қатысқан тағы 3 адамды бүгін өлім жазасына кесті. Сонымен Қытайда шілде айындағы толқуларға байланысты өлім жазасына кесілгендердің саны 17-ге жетіп отыр.

Шыңжаңда мұсылман ұйғырлар мен хандық қытайлықтар арасында орын алған зорлық-зомбылықтан шамамен 200 адам қаза тауып, 1600-ден астам адам жараланған болатын.
XS
SM
MD
LG