Accessibility links

Рауалпиндидегі мешітте ондаған адам өлтірілді


Қарулы адамдар Пәкістанның Рауалпинди қаласындағы мешітке шабуыл жасап, ондаған адамды өлтірді. Жұма күнгі шабуылдан нақты қанша адамның құрбан болғандығы белгісіз. Ішкі істер министрі Рехман Маликтің айтуынша, кемінде 30 адам қаза тауып, ондаған кісі жарақат алған.

Полиция ресмилері мен куәгерлердің хабарлауынша, әскери казармалар жанында орналасқан мешітте атыс болған және кемінде бір жарылыс орын алған.

Ел астанасы Исламабадтан бірнеше шақырымдағы Рауалпиндиде Пәкістан армиясының штаб-пәтері орналасқан.
XS
SM
MD
LG