Accessibility links

Иран өзіне 20 ядролық зауыт керектігін айтты


Иранның ядролық мәселесі бойынша басшысы Әли Акбар Салехидің мәлімдеуінше, Теһран атом энергиясы бағдарламасына жеткілікті отын өндіруі үшін уран байытатын 20 зауыт салуы тиіс. Ресми ИРНА ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Салехи Иран Ядролық қаруларды таратпау жөніндегі халықаралық келісімнен шығуды жоспарлап отырған жоқ деген.

Өткен айда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің қолдауындағы Атом энергиясы бойынша халықаралық агенттік Иранды құпия түрде уран байытатын екінші зауыт салып жатқанына байланысты сынап, Теһраннан уран байыту әрекеттерін тоқтатуды талап етті. Батыс елдері Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы деп қауіптенеді бірақ Теһран бұл айыптауларды жоққа шығарып отыр.
XS
SM
MD
LG