Accessibility links

Қазақстанда пиротехниканы пайдалану жағдайы тексеріледі


Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов төтенше жағдайдың алдын алу үшін пиротехниканы пайдалану жағдайын тексеру керек деп мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Астанада үкіметтің селекторлық жиынында Мәсімов Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, сондай-ақ төтенше жағдайлар жөніндеді министрге Тәуелсіздік күні және Жаңа жыл мерекелері қарсаңында пиротехниканың қауіпсіздігін тексеруді тапсырды.

Ресейдің Пермь қаласандығы түнгі клубтардың бірінде 5 желтоқсанда пиротехникадан шыққан өрттен 112 адам қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG