Accessibility links

Копенгагенде ауаның жылынуына қатысты жиын басталды


Бүгін Копенгагенде ауаның өзгеруіне қарсы тарихи келіссөздер басталды. 190 елдің өкілдері, оның ішінде 105 мемлекеттің басшысы ғаламдық жылынуға қарсы келіссөздерді қортындылап, келісім қабылдайды деп күтілуде.

БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун бұл саммитте келісім жасалады деп үміттеніп отыр. Ұйымның айтуынша, әлемге көмірқышқыл газының шығуын тоқтататын мықтырақ келісім қажет.

Ғалымдар газ эмиссиясынан дүниежүзінің ауасы жылынып барады деп алаңдайды.

Таяу күндері Қытай, Үндістан, Индонезия және басқа да елдер ауаға көмірқышқыл газын шығаруды азайтуға сөз берді.
XS
SM
MD
LG