Accessibility links

ҰҚК-нің төрағасы Шабдарбаев қызметінен кетті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаевтың қызметінен босату өтінішін қабылдады деп ҚазТАГ агенттігі хабарлады. Бұл туралы ақпарат агенттігіне Ақорданың ақпарат көзі хабарлаған.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметі Шабдарбаев басқа қызметке ауысуына байланысты ҰҚК-нің төрағалығынан босатылды дей келе, Амангелді Шабдарбаев Қазақстан президентінің кеңесшісі болды деп хабарлады.

ҰҚК-нің уақытша төрағасы қызметіне Шабдарбаевтың орынбасары болған Әділ Шаяхметов кірісті деп хабарланды.

Өткен аптада қамауда отырған Қазатомпром агентігінің бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішевтің әйелі Жәмилә күйеуінің интернетте жарияланған видеосұхбат таспасын өзіне ҰҚК-нің төрағасы Амангелді Шабдарбаев бергенін айтқан еді.
XS
SM
MD
LG