Ауған ресмилерінің айтуынша, Кабул қаласының әкімі жемқорлық істеріне қатысты сотталып, 4 жыл түрме жазасын алды.
Азаттықтың Азади радиосы Абдул Ахад Сахеби сотқа қатыспады, сот үкімінен кейін оны қамауға алуға нұсқау берілді деп хабарлады.
Бұл президент Хамид Карзай сыбайлас жемқорлықты ауыздықтауға уәде берген соң, Ауғанстанда түрмеге жабылған бірінші жоғары дәрежелі қызметкер болып отыр.
Ауғанстанда әскері бар Құрама Штаттар мен басқа да елдер екінші мерзімге президенттік қызметіне жаңа кіріскен Карзай үкіметін жемқорлықты тоқтатуға шақырып келген.